Әр түрлі

Петропавл қаласы маңының аумағы 197 мың гектарға ұлғайды.

 

 

 

 Бұл жоба 2008 жылдан бастап талқыланып келген болатын. Қала маңындағы жерлерді пайдалану туралы ереже  жақында Үкіметте бекітілді. Бұдан былай Петропавлдың айналасындағы 197 мың гектар жер қала маңы болып есептелмек. Бұл негізінен Қызылжар ауданының жерлері.

Тілеубай Есжанов, Петропавл қалалық жер қатынастары бөлімінің бастығы:
-Оның ішінде Якорь, Рощин,Прибрежный, Қызылжар, Петерфельд,Асанов, Архангелька  селолық округтарының селолары бар.

Қала маңы аумағына өткен жер бұрынғысынша Қызылжар  ауданының иелігінде қала бермек. Бірақ  оны қалалықтар әр түрлі мақсатта  пайдалана алады.

 Тілеубай Есжанов, Петропавл қалалық жер қатынастары бөлімінің бастығы:
 -Азық-түлікпен қамтамасыз етуге, саяжайларға, сондай 1000 гектар жеке тұрғын үй құрылысына бөлінеді.

Қазір жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін алу оңай емес. Бүгінде жер қатынастары бөлімінде 4 мың адам кезекте тұр. Ал көптен күткен кезек келсе, учаскені қаланың қай аумағынан алған жөн. Тілеубай Есжанов Қызылжардың солтүстік бөлігінің болашағы зор дейді.

Тілеубай Есжанов, Петропавл қалалық жер қатынастары бөлімінің бастығы:
-Қала барлық жаққа дамиды, бірақ солтүстікке қарай көбірек дамымақ, бұл Юбилейный көшесінің бойы.

Петропавлдың басқа бұрышында да жер телімдері берілмек. Бірақ ол үшін сол ауданға коммуникация, су, жылу, электр желілері тартылуы тиіс.

Тимур Әбдірешев