Қылмыс

Қызғаныш құрбаны

 

 

Қайғылы оқиға «Егемен Қазақстан» көшесінің бойында орналасқан жатақхананың бірінде болған.    21 жасар қыз бен оның жолдасы үйлеріне қонақ шақырып, меймандарды ішімдікпен қарсы алады. Алайда қызу отырыстан кейін ащы суға тойып алған жігіт пен қыздың арасында жанжал туындаған. Бұрындары баукеспелікпен айналысып, басы істі болған сезікті, ашуға беріліп, қаныпезерлікке барады. 20 жасар жігіт қызды өзінің досынан қызғанып,  жүрегіне пышақ сұғып алған.

Надежда Гребнева, Петропавл қаласының ІІБ ТБ тергеушісі:
-Факті бойынша ҚР ҚК 96- бабының бірінші тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қылмыскер  бұрындары да ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартылған.

 
Күдікті бірнеше күн бойы жасырынғанымен, көп ұзамай полицейлердің қолына түсті. Тергеу амалдары барысында ол өз айыбын мойындады. Әзірге тергеу амалдары жалғасуда. Күдікті қамауға алынды.

Гүлден Сәрсенбаева