Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петр мен Павел әулиелер құрметіне крест шеруі

  

 

Таңғы сағат 11-де Петр мен Павел әулиелер соборынан архиепископ Елевферий мен епископ Евтихийдің  қатысуымен крест шеруі басталды. Дәстүрлі шеруге казактар да қатысады. Өйткені  Петр мен Павел әулиелерді олар өздерінің қамқоршысы деп есептейді екен. Николай Молотков казак әулетінің ұрпағы. Сондықтан мұндай жиынға қатысуды өзінің борышы санайды.

Николай Молотков:
-Біз дәстүрлерімізді ұмытпай, керісінше жаңғыртып отыруымыз керек. Барлық петропавлдықтарды қасиетті мерекемен құттықтаймын.

Н.Погодин атындағы орыс драма театрының алдында шеруге қатысушыларды шіркеу хоры  күтіп тұрды.   Өткен ғасырда осы алаңда православтықтар Құдайға құлшылық ететін шіркеу болған. 3 баланың анасы Ника Белоброва шіркеуге барып, шырақ тұтату үшін әр жексенбіні асыға күтетіндердің бірі.  

Ника Белоброва:
Ең бастысы сенім болуы керек. Сонда Құдай тілегенімізді береді. Барлығыңызды мерекемен құттықтаймын.

Петропавл бекінісінің іргесі қаланған жерде әулиелерге тағзым еткен православтықтар қайтадан Петр мен Павел соборына жиналды.

протоиерей Сергий:
Құрметті петропавлдықтар, Петр мен Павел әулиелер күні құтты болсын. Елімізге мәңгілік ынтымақ пен бейбітшілік орнасын.Құдай жар болсын сіздерге.
 

 

Кәусар Аяпбергенқызы