ТКШ

Билборд үшін кім жауапты?

 

 

 

 

Тәуелсіз Қазақстанның символына айналған «Алтын адам» мен барыс бейнеленген билборд  қаланың Мир-Букетов көшелерінің қиылысындағы бұрышқа сән беріп тұратын. Өкінішке қарай,   қатты желге төтеп бере алмай, түсіп қалғалы талай айдың жүзі болды. Әрі ілінгелі күтім көрмеген  билбордтың  өңі кетіп, әбден тозығы шыққан.  Таяудағы   жаңбырдан кейін қабырғадан сыдырылып түскен билборд аяққа тапталып жатыр. Ал әрі-бері өтіп жатқан қала тұрғындары онда ненің бейнеленгенін естеріне түсіре алмады.

Тұрғындар:
-Бір қыздың суреті болған секілді. Әйтеуір жерге құлап қалғанына біраз болды. Ешкім керек те қылмайды.
-Барыстың бейнесі болған сықылды. Есімде жоқ.

Жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде орны ерекше символдардың осылай аяқ асты жатқанына алдымен осы салаға жауапты құрылымдардың қаншама уақыттан бері назар аудармай отырғаны таң қалдырады.

 Гүлден Сәрсенбаева