Салық органдарының құрылғанына 19 жыл толды

Билік

13:24 10 Шілде 2010

1991 жылы осы күні  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев салық қызметін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бүгін салық департаментінде басшылық үздік қызметкерлерді кеуде белгілерімен марапаттап, дипломдар мен алғыс хаттар табыс етті.  Айта кету керек, өңірімізде аталған ведомствоның16 басқармасы мен 20 бөлімі бар. Мұнда 600 -ден астам салық қызметкерлері еңбек етеді. Кәсіби мерекемен өз әріптестерін СҚО бойынша салық департаментінің бастығы Уәлихан Әмірханұлы құттықтады.

Уәлихан Әмірханұлы,  СҚО бойынша салық департаментінің бастығы:
– Салық жүйесінің ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтай отыра, жұмыста табыс, отбасы
нда амандық және мықты денсаулық тілеймін. 19 жыл ішінде облысымыздың салық органдары мемлекеттің қазынасын толтыруда қыруар шаруалар атқарды. Енді Кедендік Одаққа қатысты артылған міндеттерді абыроймен орындауға барынша тырысамыз.

Жасын Біркенов