Билік

Кәрім Мәсімов екінші қалалық емханада өңір дәрігерлерімен кездесті

 

 

 Соңғы 10 жылда еліміздің денсаулық сақтау жүйесі қарыштап дамып келеді. Бұл уақытта медицина саласына бағытталған қаржы көлемі 8 есе өсті. Өңірлерде заманауи емдеу мекемелері жыл санап көбейіп келеді. Жүрек-қан тамырлары аурулары аса өзекті проблемалардың бірі. Сондықтан 14 облыстың барлығында кардиологиялық орталық ашылды. Біздің өңірде бұл мекеме екінші қалалық ауруханада орналасқан. Оның жұмысымен танысу үшін Үкімет басшысы емдеу мекемесіне арнайы келді. Ол операция залында соңғы үлгідегі қондырғылардың жұмыс істеу тәртібімен танысты. Дәрігерлермен  кездесу өткізген Кәрім Мәсімов кардиологиялық орталықтың мүмкіндігін жоғары бағалады. Кездесуде бірыңғай денсаулық сақтау жүйесінің жүзеге асу барысы да әңгіме арқауына айналды. Қоғамда қызу талқыға түскен тың жобаның орындалуы үкімет төрағасының да жіті бақылауында. Бірыңғай жүйе  емдеу ісін жоспарлаудан арылтты. Яғни  әр аурухана науқасты емдеуді  бизнеске айналдыруы тиіс. Ауруханада сапалы қызмет көрсетілсе, тиісінше табысқа кенелу мүмкіндігі еселей түспек.  Ауруханада Кәрім Мәсімовке тың жоба таныстырылды. “Ұрпақ қоры” бағдарламасы жайында облыс тұрғындары құлағдар, олар бұл игі істің қолға алынатынын естіп, қуанған-ды. Енді міне Премьер Министр де бастамаға оң бағасын берді. Солтүстік Қазақстан облысының тың жобасы басқа өңірлерге үлгі болмақ.  

Тимур Әбдрешев