МТРА жаңалықтары

Заңсыз мигранттар

 

 
Шетел азаматтарының көп шоғырланатын жерлері базарлар, вокзалдар, демалыс орындары. Орта Азиядан келген қонақтар өздері заң бұзып қана қоймай, жапа шегулері де мүмкін. Сондықтан мұндайлар тәртіп сақшыларының қатаң бақылауында. Жақында Пестрое көліндегі жағажайдың маңында заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстанның 48 жастағы азаматы ұсталды.  Бұл шетелдікке қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен ол Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. Көші-қон полицейлерінің айтуынша, бұндай фактілер жиі болып тұрады екен. Үстіміздегі жылдың алғашқы жартысында шекараны заңсыз аттаған 4,5 мың шетелдік жауапқа тартылған. Көші-қон полициясы заңсыз жүрген мигранттарды анықтау жұмысын бәсеңдетпек емес.

Тимур Әбдірешев