МТРА жаңалықтары

«Қуанамын» Балтық жағалауынан қуанып қайтты



 

«Қуанамын» би студиясы Ресей, Түркия, Қырғызстан, Египет, Болгария, Эстония сияқты елдерде өткен талай халықаралық конкурстардың лауреаты. Бұл жолы қыздардың қоржыны тағы бір жеңіспен толықты. “Түркістан”, “Нәзік сезім”, “Көңілашар” билерін шебер орындап шыққан олар 29 би ұжымының ішінен өзіндік мәнерімен көзге түсіп, қазылардың оң бағасын алды.

Зиба Сатыбалдинова:
Біз ұлттық би номинациясында 2-ші
орынға ие болдық. Қарсыластарымыздың бәрі өте дарынды, шебер бишілер болды. Көп жаңа адамдармен таныстық.

Балтық теңізі жағалауындағы елден
 олжалы қайтқан бишілер ең алдымен көңілді демалыстан алған әсерлерімен бөлісуге асықты.

Сәния Ибраева:
із Юрмалаға бардық, өте қызық болды. Теңізге түстік. Уақыт өте қызық өтті. Көптеген адамдармен таныстық, кездестік.

Көз қуанышы немересін жеңісімен құттықтай келген Бақыт Майлина мұның бәрі білікті жетекшінің еңбегінің жемісі дейді.

Бақыт Майлина:
Менің немерем осы студияда 5 жыл билейді, жетекшісі
сондай жақсы адам. «Қуанамынға» тілейтінім биіктерден көрінсін. Әрдайым бірінші орындар алып отырсын.

200-ге жуық
қыз-бозбаланы би өнеріне машықтандырып жүрген “Қуанамынның” алар асулары әлі алда. Бұған олардың әрбір жеңісі дәлел бола алады.


Каусар Аяпбергенкызы