Құқық қорғау органдары

2 мың доллар пара үшін 3 жылға сотталды

 

 

Петропавлдық жеке кәсіпкер  Игорь Контилеевтің салық төлеуден жалтарғаны анықталып, тексеріс материалдары қаржы полициясына түседі.  СҚО экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің инспекторы оны түсініктеме беруге шақырған.  Ал кәсіпкер оған пара беріп құтылмақ болады.  Бірақ  қаржы полициясы  кәсіпкерді 2000 АҚШ долларын беріп жатқан жерінде қолға түсірді. Қалалық сот істі салмақтай келе, төмендегідей үкім шығарды.

Айдархан Жанақов, Петропавл қалалық сотының судьясы:
-ҚР ҚК 312- бабының 2- тармағы бойынша Контелеев Игорь Владимирович жасаған қылмысы үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылсын.   

 

Алайда Қылмыстық Кодексті гуманизациялау мақсатында енгізілген өзгерістерге сәйкес кәсіпкер жазасын шартты түрде өтейтін болды.


Гүлден Сәрсенбаева