Ауыл шаруашылығы

Қызылжар ауданы жас мамандарды қабылдауға әзірленуде

 

 

 

Аудан бойынша 72 елді мекеннің барлығында мамандар жетіспеушілігі бар. Кадр мәселесі медицина мен білім ошақтарында көп байқалады. Мәселе кезең-кезеңімен шешіледі. Ағымдағы жылы жоспар бойынша 10 жас маман осы салаларға жіберілмек.  

Андрей Никулин, Қызылжар аудандық әкімдігінің бас маманы:

-Өткен жылы бұл мақсатқа 8 миллион теңгеден астам қаржы бағытталса, биыл бұл сома 5 миллион теңгені құрап отыр. Жас мамандарға көтерме ақыға қоса 0,01 пайызбен несие де беріледі. Оған өз қалауыңа сай баспана сатып алуға болады.

Самат Есмағи