Білім

86 түлек дипломмен ауылға барады

 

 

 

Биыл медицина колледжінен 273 студент мамандық меңгеріп шықты. Түлектердің  36-сы ерекше оқуымен көзге түскен қызыл диплом иегерлері. Барлығы да  жұмыс орындарын тауып қойыпты.

Роза Нұрмолдина,  СҚ медицина колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
-Түлектер саны өткен жылғымен салыстырғанда біршама артып отыр.
9 топ бітірді. Оның екеуі қазақ тілінде білім алған жастар.


Бала кезінен болашағын дәрігерлікпен байланыстырғысы келген Айым Еламанова арманының орындалғанына қуанышты. Ол еңбек жолын “Дипломмен – ауылға” бағдарламасы аясында Жамбыл ауданы, Киров ауылынан бастамақшы.

Айым Еламанова,  медицина колледжінің түлегі:
-Мен қызыл диплом алғаныма қуаныштымын. Жақсы маман иесі болуға тырысамын. Оқуымды жалғастыратын боламын.


Айым Еламанованың қуанышына ортақтасуға туған- туыстары да келген.

Забира Еламанова:
-Мен қызымыздың диплом алып жатқанына қатты қуанып тұрмын. Еңбегі жанып, алға баса берсін.

Алғашқы болып 23 акушер, 23 тіс дәрігері, 13 фармацевт, 15 ортопед және 67 медбибі  дипломға  ие болды. Ертең емдеу ісі бөлімінің  түлектеріне де дипломдар тапсырылады.

 

Гүлден Сәрсенбаева