Білім

№17 мектептегі күрделі жөндеу

 

 

 

 

Мектеп-кешен 1992 жылы ашылған болатын. Содан бері тек сырлап-қырлаудың арқасында жұмыс істеп тұрған білім ошағының қазіргі күні терезелері, су желісі мен канализация жүйесі толығымен заманауи құрылыс материалдарымен жаңартылып жатыр. Жөндеу жұмыстарын “Альфа Север” серіктестігі жүргізуде.

Вадим Фахрутддинов,  құрылыс шебері:

-35 адам еңбек етеді. Сегізі студент, үшеуі кәсіби құрылысшы, қалған жұмысшылар еңбек биржасы арқылы келді. Нысан үлкен. Қолданысқа тапсыру мерзімі 1қыркүйек. Жұмыстар кестеге сай жүргізілуде. Ең төменгі жалақы мөлшері – 30 мың теңге.


Өндірістік іс-тәжірибеден өтіп жатқан студенттердің бірі – Бауыржан Байбейісов. Ол Петропавл құрылыс-экономика колледжінің үшінші курсын тәмамдаған.

Бауыржан Байбейісов,  студент:

-Мұнда өндірістік тәжірибеден өтуге жіберді. Сабақта алған білімімді қазір іс жүзінде ұштап жатырмын. Бұл жерде біраз нәрсеге үйреніп қалдым. Оның үстіне жалақы да бар.


Білім ошағында күрделі жөндеу жұмыстары маусым айында басталған. Қазіргі күні жертөле мен төртінші қабаттағы шаруа толығымен аяқталыпты.


Гүлмира Кәрімова,  №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінің директоры :

-Барлығы 29 594 300 теңге бөлінді, қазіргі таңда оның 18 миллион теңгесі игерілді және барлық жұмыстардың 60 пайызы орындалды.


Өткен жылы «Жол картасында» білім ошағына 1 миллион 700 мың теңге бөлініп, онда мектептің кіре берісіне күрделі жөндеу жүргізіліпті. Ұстаздар қауымы жаңа оқу жылын соны кейіпке енген жылы да жарық кабинеттерде қарсы алатынымыз қуантады дейді.

 

 Самат Есмағи