МТРА жаңалықтары

Жетім көрсең, жебей жүр.

 Елімізде ата-аналары тірі бола тұра, жетім атанған 35 мың бала бар. Бұл сәбилерден әке-шешелері бас тартқан, не бала тәрбиелеу құқықтарынан заң жүзінде айрылған.

Әлеуметтік жетімдік – мемлекеттің ғана емес, қоғамның проблемасы.


Қорлан Жәйсенбаева,  СҚО балалар құқығын қорғау департаментінің бөлім бастығы:

-Облыста 2 416 жетім бала бар. Осындай балалармен көп жұмыс істейміз. Семинар, тренингтер өткіземіз.


Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жұмыстары мектептерден басталады.
Әлеуметтік педагогтар бүгінгі  бойжеткендерге олардың ертеңгі ана екендіктерін түсіндіріп, отбасылық жұмысты күшейтулеруі керек. Бұл саладағы педагогтар мен қамқорлық органдары мамандарының біліктіліктерін арттыру да өзекті.


Анар Тәшенова,  Баян орта мектебінің әлеуметтік педагогы:

-«Жетім көрсең, жебей жүр» деген сөз бар ғой. Бізге мұндай семинарлар керек.


Әрине, жетімдер үйінде қандай жағдай жасалса да, отбасының орны бөлек.
Сондықтан мамандар ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды туыстарына орналастыру жолдарын жиірек пайдалануды ұсынып отыр. Бүгінде жетімдерді қамқорлығына алған олардың жақындарына жәрдемақылар белгіленген.