МТРА жаңалықтары

Петропавлда құрғақ көбікбетон қоспалар зауыты іске қосылды

 

 

 

 Кәсіпорынның жылына 15 мың тонна өнім өндіретін мүмкіндігі бар. Зауыттағы үш кешенді құрастыру кезінде соңғы үлгідегі технология қолданылды.

Серік Байқуанышев, құрғақ көбікбетон қоспалар зауытының бас директоры:
-Қарағанды қаласында темірбетоннан қалған көбікті біз осы қоспаны шығаруға қолданамыз.

Жаңа зауыт 40 адамды жұмыспен қамтамасыз етті.   Дайын өнім Алматы, Қостанай, Ақтөбе қаласына жол тартпақ. Зауыт басшылығы көршілес елдің нарығына да шығуды көздеп отыр.

Серік Байқуанышев, құрғақ көбікбетон қоспалар зауытының бас директоры:
 -Ресейден сұрап жатыр, енді жақын күндері қоспаны шығарамыз.

Аталмыш кәсіпорын  – облыста жүзеге асырылған 6 инновациялық жобаның бірі. Жыл соңына дейін тағы 3 зауыт іске қосылмақ.

Самат Ескендіров,  облыс әкімінің бірінші орынбасары:
-Жаңа зауыттар іске қосылып жатыр. Осы кәсіпорын соның айғағы.

Бүгін зауыттың алғашқы желісі өндірісті бастап кетті. Ал қыркүйек айында екінші желі іске қосылуы тиіс.

 

Тимур Әбдрешев