МТРА жаңалықтары

«СҰҢҚАР» ойынының жеңімпазы – Шал ақын ауданының командасы

 


«Сұңқар» әскери-спорттық ойыны 2 күнге созылды. Осы уақыт ішінде 12 команданың мүшелері  автоматты бөлшектеп-жинау, оқтау, жүгіру,  турникке тартылу, сапта жүру және алғашқы медициналық көмек көрсетуден сынға түсті. Қорытынды бойынша Петропавл құрылыс-экономика колледжінің «Арлан» тобы ІІІ орынды еншілесе, құрама мүшесі Бағдат Батаев «Өрт сөндіру дайындығында» үздік атанды.  Екінші орын Есіл ауданына бұйырды. Жарыста шалақындықтардың шоқтығы биік болды. Талай рет республикалық сайыстарға қатысқан бұл  құрама осы жолы да топ жарды.  Жеңімпаздардың барлығы медальдар мен сыйлықтарға ие болды.

 

Гүлден Сәрсенбаева