МТРА жаңалықтары

Экологиялық суреттер байқауында жерлестеріміз көзге түсті

 

 

 


Жас қылқалам шеберлері өздерінің шығармашылық таланттарын “Әдебиет пен фольклор туындыларындағы су тұрғындары” аталымы бойынша көрсетті. Бұл жастар бұған дейін де талай жарыстарда тамаша туындыларымен көзге түскен-ді. Олардың  өнері соңғы байқауда да ескерусіз қалмады. Алина Анисимованың қоршаған ортаны қорғауға қатысты салған суреті жоғары дәрежелі дипломға лайық деп танылды. Оқушы техникасы қиын акрил бояуымен көп жұмыс істейді.

Алина Анисимова, “ЮНЕСКО клубы” бейнелеу өнері лицейінің оқушысы:
-Меніңше көркемөнер адамның ойлау қабілетін дамытады. Маған сурет салу өте ұнайды. Ойыңдағыны қағаз бетіне түсіру үлкен талант сияқты.

Ал Алена Сидоренко дипломға ең үздік еңбегі үшін ие болды. Суретінде жер мен су асты әлемін бейнелеген қыз төрешілердің ерекше ықыласына ие болған.

Алена Сидоренко, “ЮНЕСКО клубы” бейнелеу өнері лицейінің оқушысы:
-Мен өз жұмысымда судың адам өмірінде алатын орнын көрсеткім келді. Ол үшін суды түрлі түсті бояуға боядым. Және әр бояудың ішінде жүзіп жүрген балықты бейнеледім.

Дипломмен марапатталған Диаз Көпеевтің жарыстан алған әсері мол.  

 

Диаз Көпеев, “ЮНЕСКО клубы” бейнелеу өнері лицейінің оқушысы:
-Менің бірінші суретімді байқауға алған жоқ. Онда мен су перісін салған болатынмын. Сосын қазақтың Жәнібек батырын салдым.


Дипломдармен қатар ерекше талант иелеріне этюд сыйға тартылған. Сурет салудың әдіс-тәсілін жаңа меңгеріп келе жатқан жастарға бұл таптырмас сыйлық болды. Жеткіншектер этюдты өзара суретшінің сиқырлы жәшігі деп атайды. Себебі оның ішінде кәсіби шеберлікті шыңдауға қажет қылқалам, бояулар, түрлі-түсті қағаздар сияқты керек-жарақтардың барлығы да бар.


Гүлден Сәрсенбаева