МТРА жаңалықтары

Жастардың саяси белсенділігі артып келеді

 

 

 

 

 

Дөңгелек үстел басына жиналған жастар ұйымдарының мүшелері, мемлекеттік органдар, студенттер мен жұмысшы жастар өкілдері Жолдаудың жастарға қатысты тармағы бойынша ой бөлісті. Елбасының саясатын қолдау да ең алдымен осы маңызды құжатпен мұқият танысудан басталады.

Бауыржан Мұстафин,  «Нұр Отан» ХДП «Болашақ» филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
-Бүгінгі конференцияның мақсаты  – СҚМУ студенттеріне Жолдауды түсіндіру. Отырыс өзінің оң нәтижесін береді деген ойдамын.

Биылғы Жолдаудың ел сенімін арқалаған жастарға берері мол. Заманға сай сапалы білім алу үшін әркімге жол ашық. Сол тамаша мүмкіндіктерді пайдалануды мақсат еткен жас өрендердің бүгінгі жиыннан түйгендері мол.

Жастар:

-Біз еліміздің қарқынды дамуына, алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына енуіне сүбелі үлесімізді қосуға тиіспіз.Ол үшін біз жоғары білімді азаматтар болуымыз керек.
-Биылғы жолдау өте маңызды, оны барлық жастар
білуі тиіс. Конференция да өте қажет. Себебі студенттер Жолдаудың маңызын түсінді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша,  мұндай отырыстар жыл бойына жалғасатын болады.

 

Кәусар Аяпбергенқызы