Сәйгүліктер сайысы

МТРА жаңалықтары

16:04 28 Маусым 2010


Дүбірлі додаға республикамыздың түкпір-түкпірінен ең жүйрік тұлпарлар жиналған. Дәстүр бойынша шабандоздар бәйгенің аламан, құнан, тоқ, жорға және желіс аттар түрлерінен сынға түсті.

Мұстафа Мұстафаев, ҚР ұлттық ат спорты түрлері федерациясының вице-президенті:
-Бұл жарыс республикалық мәртебеге  ие болды. Биыл 3-ші мәрте өткізіліп отырған додаға 9 облыс қатыспақ. Меніңше ат жарысының жастарға берер пайдасы мол. Осындай сайыстардың арқасында ат спорты да дамымақ.

 

Көрермендер қазақ жастарының көнеден келе жатқан спорт ойындарының бірі – қыз қууды тамашалағаннан кейін ауыздығымен алысқан алғашқы 20 арғымақ қатар түзеп, құнан бәйге жарысына шықты. Нағыз жүйріктер  алғашқы айналымдардан кейін-ақ байқала бастады.  Жарысқа қатысушылардың жеңіске деген үлкен құлшынысы да түсінікті.  Шабандоздар құнан бәйгеде “Део матиз” жеңіл автокөлігі үшін  сайысқа түссе, аламан бәйге жеңімпазы үйіне “Део нексия” темір тұлпарын мініп кетпек. Бірінші айналымда-ақ  өзгелерден оқ бойы озып  кеткен Сергей Бородиннің Гильберт  деген сәйгүлігі мәре сызығын бірінші болып кесіп,  иесіне құнан бәйгенің бас жүлдесі – “Део матиз” бұйырды. Ат құлағында ойнаған шабандоз 15 жаста ғана.

Сергей Бородин,  шабандоз, Қостанай қаласы: 
-Қарсыластар мықты. Тұлпарларының тұяғы жерге тимейді. Өте жүйрік. Бірақ мен тізгінімді босатпауға тырыстым. Осылайша басқа шабандоздардың алдын орап өттім.

Дода қорытындысы бойынша аламан бәйгеде  де Қостанай қаласының шабандозы Сергей Бородиннің шоқтығы биік болып, екі көліктің кілтін олжалады. Жорға жарыстан астаналық Сергей Корниловтың сәйгүлігі топ жарды. Желісті  аттар жарысында жерлесіміз Александр Коротаевтың, ал тоқ сайыста тағы бір қостанайлық Тимур Смерниннің бақтары жанды.

Гүлден Сәрсенбаева 

Бұдан әрі оқыңыз

Өңірде соңғы бірнеше айда 5 адам суға батып кеткен
СҚО-да мал ұрлау фактілері көбейген
Аймақ басшысы Қызылжар ауданында қоғамдық қабылдау өткізді
Қала маңындағы қоқыс полигондарына қатысты мәселе шешілмек
Өңірде ресми түрде тіркелген 17 қатты тұрмыстық қоқыс полигоны бар
Мамлют ауданының өнерпаздары қорытынды концерт ұйымдастырды
Петропавл халықаралық әуежайында “Ашық аспан” режимі енгізілді
Петропавлда алғашқы қар жауды
Телефон нөмірін тіркемеген қазақстандықтар байланыссыз қалды
Қазақстан мен Ресейдің 16-шы өңіраралық ынтымақтастық форумы
СҚО-да “Цифрландыру күндері” аяқталды
«Апталық шолу» бағдарламасы 27.10.19