МТРА жаңалықтары

Облыстық селекторлық кеңес

 

 

 

Алдымен ірі қара мал арасында бірқатар көршілес облыстарда пайда болған  сібір жарасы ауруының алдын алу шаралары жайында сөз болды.  Өңірдегі шөп дайындау науқанының барысы да пысықталды. Облыс әкімі егінжайға химиялық өңдеу жүргізу жұмысына  қарқын қосуды тапсырды. Селекторлық кеңесте «Жол картасына» бөлінген қаржының игерілуі және облыс бюджетінің кіріс бөлігінің толығуы да талқыланды. Өңір басшысы қала мен аудан әкімдеріне жиында қаралған  барлық мәселелер бойынша тиісті жұмыстарды атқаруды жүктеді.
 

 Тимур Әбдрешев