Ауа райы

Журналистерге қала әкімдігінде де құрмет көрсетілді



 

 Мәжіліс залына әдетте ақпарат іздеп келетін журналистер бүгінгі кездесудің бас қаһармандары өздері болды. Облыстық, қалалық мерзімді басылымдар мен телеарналардың шеф-редакторларын кәсіби мереке қарсаңында қала әкімі Нұржан Әшімбетов құттықтап, ізгі тілектерін ббілдірді.

Нұржан Әшімбетов, Петропавл қаласының әкімі:

-Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамда алар орны зор. Халық бар ақпарат, өзгеріс, жаңалықтардан сіздердің арқаларыңызда құлағдар болып отырады. Сондықтан бүгін сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.

Журналистерді басқарып жүрген 8 шеф-редактор қала басшысының алғыс хаттары мен ақшалай сыйақыға ие болды. Әрдайым қаламдарын ұштап, құлақтарын түріп жүретін журналистер бұндай ерекше күнде де әдеттерінен жаңылмады. Кездесуді пайдаланып, қала әкіміне сауалдарын жаудырды.    

Жеңіс Ермұқанов