Ауа райы

Маусымның соңғы жексенбісі – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

 

 

 Өңірімізде болып жататын оқиғалар мен жаңалықтарды халыққа күнделікті талмай жеткізіп жүрген журналист қауымын баспасөз, теледидар және радио күні қарсаңында облыс әкімі Серік Біләлов қабылдап, құттықтады. Өңір басшысы бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі мен маңызы орасан зор деп атап көрсетті. Мерекеге орай “Солтүстік Қазақстан” және “Северный Казахстан” облыстық газеттерінің шеф-редакторлары Болат Қожахметов пен Назгүл Сүлейменова Байланыс және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасына ие болды. Ал муниципалдық телеарнаның бас дизайнері Анатолий Насиров министрліктің алғыс хатымен марапатталды. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін облыс әкімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттар да өз иелерін тапты. Облыс әкімінің алғыс хаты мен ақшалай сыйақы муниципалдық телеарнаның ақпараттық қызметінің тілшілері Тимур Әбдрешов пен Анна Куликова, бейнеоператор Андрей Воловикке де табыс етілді.

Андрей Воловик, муниципалдық телеарна бейнеоператоры:
Бүгін облыс әкімінің алғыс хатын алдым. Әрине, еңбегімнің елеусіз қалмағанына ризамын. Мен бұқаралық ақпарат құралдарына адаспай келдім деп ойлаймын. Телевизияда жұмыс істеу үшін өз ісіңе барынша адал болып, мамандығыңды сүю керек.

Облыс әкімі қалам және микрофон иелері
не алда тұрған маңызды міндеттер мен жоспарлар туралы әңгімелеп өтті. Өз кезегінде журналистер көрсетілген құрмет үшін өңір басшысына алғыс білдірді.  

Айымгүл  Әбілева