Қылмыс

АН-2 ұшағы апатқа ұшырады

 

 

 

“Эйр Фламинго” әуе компаниясының ұшағы көтеріле бергенде қарсы желге төтеп бере алмай, құлаған.Соның  салдарынан ұшақ командирі мен ұшқыш қаза тапты. Ал жаралы техник Айыртау аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Қазір оның жағдайы бір қалыпты. Кейін анықталғанындай, Ан-2 ұшағы егін алқаптарын химиялық өңдеумен айналысқан көрінеді. Әуе кемесі Тайынша ауданынан  Қостанай облысына ұшып шыққан екен. Қайғылы оқиға орнында аудандық әкімдік, прокуратура, ІІД және төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерінен құралған жедел топ жұмыс істеді.

 Азамат Орынбаев, Айыртау аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы:
-Тұрғындарының айтуынша,ауыл маңына ұшақ қонып,  ұшқыштар олардан қандай елді мекен екенін сұраған. Содан көтерілген кезде керек биіктікке жете алмай содан апат болған. Арнайы топ жұмыс жасауда, арнайы шаралардан соң апаттың қалай болғанын анықтайды.