Билік

“Әділет кеңес береді” акциясы

СҚО әділет органдарының қызметкерлері кездесуге жиылған жұртқа құжаттарды реттеу мен тіркеу, нотариат істерін жүргізу бағытындағы жаңалықтарды түсіндірді. Өзінің азаматтық құқығын заң жүзінде дұрыс пайдаланғысы келетіндерге  дәріс оқылды. Сондай-ақ ағымдағы жылдың алғашқы жартысында атқарылған жұмыстар да қорытындыланды.  Биылғы 5 айда 48 848 жеке куәлік пен 11 519 төлқұжат дайындалып, жеке сәйкестендіру нөмірі бар куәлікті 26 304 азамат аалған. Айта кету керек, біздің облысымызда 58 нотариус халыққа қызмет көрсетеді. Соның 24-і Петропавлда, қалған 34-і аудандарда орналасқан. Кездесу барысында СҚО нотариаттық палатасының төрайымы Гүлмира Оспанова Петропавл тұрғындарын нотариатқа енгізілетін жаңа ақпараттық жүйемен таныстырды.

Гүлмира Оспанова,  СҚО нотариаттық палатасының төрайымы:
-Мен біздің жұмысқа 2011 жылдың қаңтар айынан бастап бірегей нотариалдық ақпараттық жүйе мен нотариаттың енгізілетінін айтқым келеді. Бұл жоба ҚР электронды үкіметін дамыту мақсатында қолға алынған.

Кеңес соңында жиылған қауым өздерін толғандырған сұрақтарын да қойды.

Анастасия Яковенко:
-Мен жұмыс барысымен іссапарға жиі шығамын. Сондықтан маған өзім тұратын мекен-жайдағы тіркеуден шығу керек пе?

Қорлан Жұмабаева, СҚО Әділет Департаментінің құжаттандыруу және тіркеу бөлімінің бастығы:
-Жұмыс барысымен болса да, емделуге немесе алыс жерге дем алуға сапарға шықсаңыз да тұратын жерден тіркеуден шығудың қажеті жоқ.

Қазіргі заманда нотариус қызметіне сұраныс көп. Сондықтан да жиынға қатысушылардың нотариаттарға қатысты сұрақтары көп болды.

Гүлден Сәрсенбаева