Билік

Антимонополиялық ведомство басшысы петропавлдықтармен кездесті

 

 

 

Кездесуге келген қала тұрғындарының сауалдары көп болды. Мүмкіндікті пайдаланып қалғысы келген жұртшылық көкейлерін тесіп жүрген мәселелерді ортаға салды. Бүгінде электр желілерінің сексен пайызға жуығы ескірген. Тұрғындар желілердің жөнделмей жатқанын алға тартады.  Римма Кочнева үшінші емхана ауданындағы тұрғындардың назын арқалай келіпті. Жеке сектор тұрғындары  жылуға ғана емес, оның шығыны үшін де төлейді екен.
Нұрлан Алдабергенов бұл мәселемен айналысуды  табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыс бойынша департаментінің директоры Марат Мұстафинге тапсырды. Кездесуде жылу есептегіш құрылғыларын орнатуға қатысты сауалдар көп түсті. Нұрлан Алдабергенов бұл құрылғыларды қоюдың тиімділігін атап өтті. Бұл уақыт талабы. Ерте ме, кеш пе жылу есептегіш барлық үйлерге орнатылады.
Сондай-ақ тұрғындар облыс орталығын жылумен қамтамасыз етудің кестесін жасауды ұсынды. Бұл қалалықтар мен монополистер арасындағы қарым-қатынасты жолға қоюға септеспек. Кездесуде облыс орталығында тегін апаттық қызмет құру мәселесі де көтерілді. Кездесуде көтерілген сауалдардың ешбірі назардан тыс қалмайды.

Айымгүл Әбілева