Қоғам

Қайырымдылық шарасы

 

 

 

Қайырымдылық  жәшіктері қаладағы  9 сауда үйі және базарларында орналастырылған. Біреуі “Рахмет” сауда орталығына қойылды. Акция басталғалы қала халқы белсенділік танытып, қолында бар дүниелерімен бөлісті дейді ұйымдастырушылар.


Анастасия Радионова, “Рахмет” сауда орталығының директоры:
-Сауда орталығының 1-ші қабатына орналастырылған жәшік ешқашан бос болған емес. Ол күн сайын толығып отырады. Қала тұрғындары жарым жандар мен отбасы жағдайы төмен отбасыларға зор көмек көрсетуде.

Тұрмысы төмен отбасыдан шыққан, тағдыр тәлкегіне түскен балдырғандарға қол ұшын бергісі келетін азаматтар  аз емес. Мәселен, сауда орталығына келген тұтынушылар өздерімен бірге үйде жатқан артық заттарын ала келуге еш қиынсынбайды.

Назгүл Абдулова:

-Қайырымдылық қорына келіп, өз атымнан үйде жатқан мектеп құралдарын, киім-кешектер, ойыншықтарды әкеліп тастадым. Меніңше бұл шараға жұрт бір адамдай болып қатысуы керек.

 Акция басталғалы қайырымдылық жәшіктеріне құны 242 мың теңге болатын кеңсе заттары, киімдер мен ойыншықтар жиналды. Жеке кәсіпкерлер 2 млн. 435 мың теңгеге көмек көрсетті. Асарлатып жиналған қаражат жетім балаларға арналған интернаттарға үлестірілмек.

Гүлден Сәрсенбаева