Құқық қорғау органдары

164/6 ЕС мекемесіндегі соңғы қоңырау

 

 

Бүгін шалыс басқан жеткіншектер колониясында   ерекше күн. Құттықтаулар мен концерттік бағдарлама  осында жазасын өтеумен қатар білім алып жатқандарға арналды. 38 жеткіншек берілген мүмкіндікті пайдаланып, білім алды. Оларға мұны растайтын куәлік табыс етілді.

Манарбек Махин, жазасын өтеуші:
-9 класты бітіруге мынандай мүмкіндік жасалып отыр. Енді бір жыл қалды шығуға, Алла жазса, шығып оқуымды жалғастырамын.

Темірхан Ибраев, 164/6 мекемесі жанындағы мектептің директоры:
-Мектептің  оқу бағдарламасы жалпы мектептердің бағдарламасымен сәйкес. Мұғалімдеріміз бәрі жоғары білімді. Материалдық база, оқулықтар жеткілікті, және бүкіл құжаттарымыз, мектепке қажетті нәрселеріміз бәрі толық.

Мекемеде мектепті тәмамдағандарға  кәсіптік-техникалық лицейде мамандық алу мүмкіндігі де жасалған. Осы мүмкіндікті пайдаланғандардың бірі – Сабыржан Сералин.

Сабыржан Сералин, жазасын өтеуші::
-Уақытымды бос өткізген жоқпын. Тас қалаушы тобын аяқтадым. Енді бостандыққа шығып, бір жұмысқа кіремін деген ойдамын.

Жалпы 40 жылдық тарихы бар лицей бүгінге дейін 12 мыңнан астам жазасын өтеушіге мамандық берді. Бұнда негізінен тасқалаушы, қырнаушы, тігінші, дәнекерлеуші, автослесарь мамандықтарын  алып шығуға болады.  

 

Жеңіс  Ермұқанов