Әр түрлі

Жұмысшы кентіндегі сенбілік

 

 

 

Жұмысшы кентінің 29-шы шақырымындағы аумаққа көптен бері адам қолы тимепті. Тұрмыс қалдықтары үйіліп қалған. Тұрғындар бұны арнайы жәшіктердің жоқтығына жауып отыр. Алайда өздері оларды орнатуға асығар емес. Оларға мемлекеттік қызметшілер көмекке келді.

Руслан Мақашев, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:
-Санитарлық тазалау жұмыстарына 10 арнайы техника жұмылдырылды.
Мемлекеттік мекемелердің 250-ге тарта қызметкері тартылды. Қоқыс тау болып үйіліп қалыпты. Тұрғындар ортақ іске атсалысқылары келмейді. Бұл жолы бар жұмысты өзіміз атқарып жатырмыз. Енді олар тазалықты сақтаса жақсы болар еді.

 

Жеңіс Ермұқанов