Қоғам

«Біз бір халықпыз, біз – қазақстандықпыз» байқауы аяқталды

 

 

 

 
Сайысқа 20-ға жуық жас өз өлеңдері мен шығармаларын ұсыныпты. Қатысушылар жиналған қауымға өз еңбектері жайында қысқаша баяндап берді.

 
Зәкіржан Мамлютов, жастар ақпараттық-талдау  орталығының төрағасы:
-Бірлігі жарасқан біздің елімізде шын мәнінде адамның жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасалған.
Сол мүмкіндікті тиімді пайдалана алатын мынадай жастардың бары бізді қуантады. Оларды әрі қарай дамыту үшін біз осындай шараларды жиі өткізіп тұрамыз.

Отанына деген шынайы сүйіспеншілік, Елбасымыздың сындарлы саясатын қолдау – белсенді жастардың шығармаларына арқау болған негізгі тақырып осы. Болашағын құқық саласымен байланыстырған Зәуреш Жүкібаева биыл гуманитарлық-техникалық колледжді тәмамдайды.


Зәуреш Жүкібаева
, студент:
ұндай сайыстарға қатысуым  еліміздің өркендеуіне үлес қосуым деп санаймын. Шығармада өзімнің Отанға деген махаббатымды білдірдім. Алдағы жоспарым оқуымды бітіріп, диплом алып, Қазақстанның дамуына әрі қарай үлес қосу.

 Жастардың жұмыстарын іріктеу нәтижесінде  1-ші орын СҚМУ 4-курс студенті Мұрат Есқұловқа бұйырса, 2-ші орынды гуманитарлық-техникалық колледж студенті Зәуреш Жүкібаева еншіледі.  3-шіорын үшін мақтау қағазымен СҚМУ студенті Мұса Халиулин марапатталды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.  

 

Кәусар Аяпбергенқызы