Билік

Облыстың 4 айдағы даму қорытындылары

 

 

 

Бүгінгі таңда облыс аумағында 642,3 мың адам тұрып жатыр. Өзге өңірлермен салыстырғанда бала туу саны әлі де төмен. Республикалық орташа көрсеткіш 1000 адамға шаққанда 22,5 бала болса, біздің облыста  13,4 шамасында ғана. Соңғы екі жылда тұрғын үй тапсыру біршама азайған. 2008 жылы 216 мың шаршы метр баспана қолданысқа берілсе, 2009-да 108 мың шаршы метр тапсырылды. Биыл бес айда 14 мың шаршы метр үй салынды. Ал төрт айдағы орташа жалақы өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда  8,6 пайызғы өсіп, 45 мың 469 теңгені құрады. Тұтыну нарығындағы тауар мен қызмет бағасы орташа төрт пайызға өсті.


Надежда Ушакова, СҚО статистика департаменті бастығының орынбасары:

– Азық-түлік пен қызметтер бағасы біршама өсті. Ет пен қант, көкөніс пен сүт өнімдерінің бағасы көтерілді. Электр энергиясы үшін төлемдер құны артты. Ал жұмыссыздық бірнеше жылдан бері бір деңгейде , яғни, 6 пайыз шамасында келеді.

Әсем Сембина