Спорт

Жағажайдағы жарыс

 

 

 


Салауатты өмір салтын ұстанған жеткіншектердің қатарында жасотандықтар, жасылелдіктер, жастардың ақпараттық-сараптама орталығының белсенділері, КТК ойыншылары және волонтерлер бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қоғамды спортқа тарту үшін  дөңгелек үстелдер мен жиындар өткізу жеткіліксіз.

Данияр Әбутәліпов,  “Жас Отан” ЖҚ атқарушы директоры:
-Акция аясында волейболдан шағын турнир өткізіп отырмыз. Бүгін 8 команда өзара сынға түсті. Осылайша қоғамды спортқа тартпақшымыз.

Нұрсаят Саркен “Үш жүз” КТК лигасына жетекшілік етеді. Ол футбол, каратэ, альпинизм сияқты спорттың бірнеше түрімен белсенді шұғылданған. Қазір де түрлі турнирлерге ұдайы қатысуға тырысып жүреді.

Нұрсаят Саркен,  “Үш жүз” КТК лигасының атқарушы директоры:
Мен бүгінгі турнирге қатысып, өз лигамның намысын қорғап жатырмын. Осы іспеттес шаралар жиірек ұйымдастырылса деген ниеттеміз.

Облыстық волонтерл
ер клубының белсенділері Пестрый жағажайындағы демалушыларға есірткінің зияны туралы ақпараттық қағаздар таратты. Жастарды нашаға тәуелділіктен емдегенше, оның алдын алған жөн дейді олар.

Екатерина Кислякова, СҚО волонтерлер клубының белсендісі:
– Біздің мақсатымыз
жастарға есірткінің қауіптілігін жеткізу. Олардың темекі мен ішімдіктен аулақ болуына жағдай жасау, алдын алу жұмыстарын жүргізу.

“Есірткісіз өмір” іс-шарасы тек осындай турнирлермен ғана шектеліп қалмайды. Ұйымдастырушылар салауатты өмір салтын насихаттаудың жаңа түрлерін іздеу үстінде.

 

 Жасын Біркенов