Бизнес және экономика

Жылу берушілер тұтынушыларға қарыз

 

Өткен қыстың энергетиктер үшін күрделі болғанын табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстық департаменті де, тұтынушылар да мойындайды.  “Солтүстік Қазақстан энерго орталығы” қатты аязда қатырмай алып шықты. Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін серіктестіктің есептеуі бойынша кәсіпорын 7 миллион 7 мың теңге шығынға батқан. Ал департамент пен “Қазахэнергосараптама” ақционерлік қоғамы бірлесе жүргізген сараптама жылу таратушы кәсіпорын есебінің шындыққа жанаспайтынын көрсетті. Керісінше энергоорталықтың тұтынушыларға 4 миллион 800 мың теңге қарыз екені дәлелденді дейді табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО бойынша департаментінің директоры Марат Мұстафин.  Енді кәсіпорынның тұтынушылар алдындағы қарызы алдағы жылыту кезеңіндегі есептеулер кезінде ескеріледі.
Сондай-ақ сараптама аудан орталықтарында жылу берген  серіктестіктерге тұтынушылар қарыз болып қалғандығын көрсетті.  Аудандардағы кәсіпорындар абоненттерден   шығынды толтыруды талап етпеуге келісіпті.
 

Әсем Сембина