Қоғам

“Сыйлыққа – кітап” шарасы

 
“Тәуелсіздік шежіресі” еліміздің жеке ел болып, шаңырақ көтерген тұсынан бастап ақпарат беретін екі томдық. 20 ғасырдың соңы, 21 -дің басы. Ел үшін өтпелі, жауапты кезең . Жинаққа сол кездегі тәуелсіздік, шекара , қарулы күштерге , тіл, қауіпсіздікке бағытталған маңызды құжаттар енгізілген. “Елбасы Жолдады – ел қолдады” Президент Н.Назарбаевтың 13 жылдағы қазақстандықтарға арнаған жолдауларының мәтіндерін қамтыған.

 

Данияр Әбутәліпов, “Жас Отан” ЖҚ атқарушы хатшысы:

-Акцияның мақсаты – еліміздің өз  тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жетістіктерін көрсету.


Қазақстанның тәуелсіздігін әлем мойындады. “Әлем Қазақстан туралы, Президент туралы ” кітап, Елбасының сөйлеген сөздері, құттықтаулары топтастырылған “Елмен сырласу” жинағы ендігі уақытта кітапхана қорын байытып, ел тәуелсіздігінің тарихы  туралы бағалы ақпарат көзіне айналмақ.

Майра Мақышева, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасының бөлім жетекшісі:

 -Олар біздің оқырмандар үшін өте қажет. Сабақтарда, жалпы тарихты білу үшін пайдасы тиеді деп ойлаймын.


“Сыйлыққа – кітап ” акциясы алдағы уақытта да жалғаспақ. Ал кітапхана қызметкерлері болса жетіспейтін әдебиеттер әлі көп дейді.  

Майра Мақышева, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасының бөлім жетекшісі:

-Төменгі сыныптарға арналған әдебиеттер көбірек шықса, Балал тілін жаттықтыратын көркем шығармалар көбірек шықса.

 Әсем Сембина