Қылмыс

«Допинг» шарасы

 

 

 Есірткі бизнесімен күрес басқармасына 21 жасар петропавлдық бойжеткеннің наша саудасына қатысы болуы мүмкін деген жедел ақпарат түскен. Арнайы шаралар ұйымдастырылып, есірткі сатылатын орын полицейлер назарына алынды. Көп ұзамай, сауда орны да әшкереленді.

Серікжан Жолдыбаев,  СҚО ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкері:

-Тексеру барысында есірткі сатудан түскен ақша табылды.


Ұсталған бойжеткеннің үйінің ауласынан белгісіз ақ ұнтақ салынған сіріңке қорапшасы табылды.
Ал үйінің ішінен героин салынған полиэтилен қапшық тәркіленді. Бұған дейін қылмыстық жауапкершілікте болмаған бойжеткен кінәсін мойындаудан бас тартып отыр.

Серікжан Жолдыбаев,  СҚО ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкері:

 

-Күдікті Қарағанды облысының Осокаровка поселкесінің тумасы. Күйеуі есірткі сатқаны үшін жазасын өтеуде.


Есірткі сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.
“Допинг” шарасының бір күнінде полицейлер төрт қылмысты ашты. Оның үшеуі ҚР ҚК 259 бабы, есірткі және психотроптық заттарды даярлау, сақтау, тасымалдау, сату фактілеріне қатысты. “Допинг” шарасы шілденің төртіне дейін жалғасады.

Әсем Сембина