Қылмыс

Экспедитор қарақшының қолынан қаза тапты

 

 

 

Қылмыстық оқиға күндіз Сәтпаев көшесіндегі 23-ші үйде “Сердечная” дәріханасының маңында болған. Тергеу қызметі оқиғаның анық-қанығына көз жеткенше ақпарат бермей отыр. Әзірге бізге белгілі болғаны, қарақшының қолынан кәсіпорынның 50 жастағы экспедиторы қаза тапқан.  Оның қолында қомақты ақша салынған қара портфель болған. Қылмыскерлер жәбірленушіні басынан ұрып, есінен танғанын пайдаланып, ақшаны алып, іздерін жасырған. Жапа шегуші қалалық емханада көз жұмды. Полицейлер егер осы оқиғаның куәгерлері болса, қалалық ішкі істер басқармасына-  
49-36-85; 49-36-76; 61-29-03 және 39-48-33, немесе – 102 телефонына хабарласуды сұрайды. Қылмысты ашуға қажетті нақты ақпарат берген адамға 150 мың теңге сыйақы белгіленген.