Әр түрлі

Балалар алаңына сауда орталығы салынбақшы

 

 

Бұл кеште тұрғындар әдеттегідей таза ауада серуендеу үшін емес, аулаларының алдағы тағдырын анықтау мақсатында жиналған. Бүгінге дейін өздерінікі деп есептеп жүрген аула аяқ астынан бөтендікі болып шықты.

Игорь Бухонин, тұрғын:
-Мен өзім бұл жағдайды тура мағынасында ұрлық деп түсінемін. Біз жиналып, қажетті органдарға, оның ішінде қалалық әкімдікке хат жолдаймыз.

3 үйді қоса алғанда, бұл ауланың қызығын 150-ге жуық пәтер тұрғындары мен 200-дей бала көруде.
Сатылып кеткен жердің аумағына көлік тұрағы мен жылу торабы да кіреді.

Роза Ахметова, тұрғын:
на жерде бұрын сахна, орындықтар болатын. Балалар ән айтып, би билейтін, соның бәрін бірте-бірте жойып жатыр, енді балалар алаңын да алып қойса, не болары маған түсініксіз.

Футбол алаңын да бірнеше жыл бұрын ата-аналардың көмегімен бозбалалар өздері жасап алыпты.  Олар да  сүйікті ойын алаңдарын ешкімге бергіміз келмейді дейді.

Павел Бывших:
-Бұл біздің ауламыз, оны алып қойса, біз қайда ойнаймыз.

 Бұл мәселеден қалалық әкімдіктің  жер қатынастары бөлімі де құлағдар екен.

Тілеубай Есжанов, Петропавл қалалық жер қатынастары бөлімінің бастығы:
-Өткен бейсенбі ол жерді барып көрдік, расында ол балалар ойнайтын аумақ екен.
Ол ешқандай ғимарат салатын жер емес. Бірекі айдың ішінде соттың шешімі шығады деп ойлаймыз. Жер инспекциясының арызын біз қолдаймыз.

Бұл келісім тұрғындар ойлағандай шынымен заңға қайшы келсе, іс сотқа жіберіледі. Ал әзірге мәселенің ақ-қарасын анықтау қалалық жер инспекциясының еншісінде.

Кәусар Аяпбергенқызы