Қоғам

Аналар алтыннан алқа тақты

 

 

 

Елбасының Жарлығына сәйкес 7 және одан көп баланы өмірге әкеліп, асыраған петропавлдық аналарға  құрмет көрсетілді.  Солардың бірі – 8 баланың анасы Мәрғима Олжабаева өткен жылы «Күміс алқаға» ие болған. Енді міне 70-ке толған шағында «Алтын алқаға» қол жеткізді. Оған қоса ай сайын берілетін жәрдемақысы тағы бар. Бұны естігенде Мәрғима әжейдің қуанышында шек болған жоқ.

Мәрғима Олжабаева, көпбалалы ана:
-Күміс алдым, енді міне, алтын алып отырмын. Ризамын. Болашақ аналар біз сияқты болсын деймін.

Рабиға Қазбаева 7 балаға өмір сыйлады. Немерелеріне көпбалалы болудың бақыты туралы айтудан жалыққан емес. Әжейдің алқасын алуға тұңғыш қызы келіпті.  


Зурәш Қазбаева:
-Бәріміз жоғары білім алдық. Тұрмыстарымыз жақсы. Бүгінгі күн өте жақсы.

 Гүлден Сәрсенбаева