Қылмыс

Алтынды ұрлап өткізбек болған қарт әйел қолға түсті

 

Заң бұзушы алтын әшекейлерді ойыншықтардың түбіне жасырған. Сөйтіп, ол құны 10 млн теңге болатын қымбат бұйымдарды кедендік декларацияда көрсетпей, контрабандалық жолмен алып өтпек болады. 64 жастағы әйелдің әрекетін Мәскеудің кеден қызметкерлері байқамай қалған. Бірақ ол діттеген жеріне жетпей, Петропавл вокзалында тәртіп сақшыларының қолына түседі.

Нұрлан Жахин, СҚО Қаржы полициясы департаментінің баспасөз хатшысы:
Бүгінгі күні осы факт бойынша ҚР ҚК 209бабы 2 бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Яғни бұл экономикалық контрабанда. Әйел Астанада тұрады.  


Алтын көрсе, періште де жолдан таяды демекші, зейнеткер оңай олжа табудың жолын іздеген.
Қазір сезікті тәртіп сақшыларының бақылауына алынды. Қаржы полициясының мәліметіне сүйенсек, 2010 жылдың басынан бері облысымызда 5 экономикалық контрабанданың беті ашылған. Бұл негізінен халық тұтынатын тауарларды заңсыз тасымалдау. Алтын заттарды заңсыз саудалау ісі биыл бірінші рет тіркелді.

Гүлден Сәрсенбаева