Әр түрлі

Ресурстық орталық жұмыссыз жастарға көмектеседі

 

 

Петропавлда ашылған жастарды кәсіптік даярлау және жұмысқа орналастыру ресурстық орталығының   арқасында екі  қолға бір күрек таба алмай жүрген жас мамандар еңбекпен қамтылмақ.

Сергей Белов,  жастарды кәсіптік даярлау және жұмысқа орналастыру ресурстық орталығының директоры:
-Басты мақсатымыз – жастарды мүмкіндігімізше тұрақты жұмысқа орналастыруға септесу.  Біз оларға резюмені дұрыс толтырудан бастап, жұмыс берушімен алғаш кездесу этикасына үйретіп, таңдаған мамандықтары бойынша кәсіби кеңес береміз.

Үкіметтік емес ұйым қызметкерлері өңіріміздің кәсіпорындары мен мекемелеріндегі бос жұмыс орындарына сараптама жүргізіп, ақпараттық анықтама шығарды. Ондағы мағлұмат әрдайым жаңарып, толығып тұрады. Мамандығы бойынша қызметке орналаса алмай жүрген жастарға ақпараттық кітапша таптырмас көмекші.

Лидия Грабарь,  жастарды кәсіптік даярлау және жұмысқа орналастыру ресурстық орталығының менеджері:
Мекенжайымыз  Парковая көшесі, 117-ші үй,        36-28-45 байланыс нөмірі бойынша қоңырау шалып, қажетті ақпарат алып, семинаркеңестерге жазылуға болады.

Қарны ашқа балық беру емес, қармақ ұстауды үйрететін жастар ұйымының есігі өңіріміздің 17-29 жас аралығындағы азаматтарына әрқашан ашық.

Жеңіс Ермұқанов