Ауыл шаруашылығы

Жылыжайы бар баспана



 

“Нұрлы көш” бағдарламасы бойынша үстіміздегі жылы Бәйтерек ауылында оралмандарға арналған 140 үй салынады. Қазіргі кезде бұл ауылда 10 отбасы тұрады. Отбасы мүшелері Қызылжар ауданының орталығынан жұмыс тапқан. Жиынға арнайы Оңтүстік Қазақстан облысынан келген ” Ақ орда” корпорациясы осы бағытта өз жобаларын ұсынып отыр. Табыс көзі әр отбасының өз ауласында өсірген дақылдары болмақ. “Асар” шағын ауданында қазір 600 оралман жаңа баспанамен қамтамасыз етілген. Оған қоса аулаларындағы 3 сотық жерді жылыжайлар алып жатыр. Әрбірінің құрылысы 10 мың доллар қаражатты талап етеді. Екі вакуумды каркастың ішіне 1000 көшет отырғызуға болады. Кәсіп жылына 15 мың долларға жуық таза пайда әкеледі дейді оны ұсынушылар. Жылыжай солтүстіктің қатал климатына шыдай ма және оралмандар несиені қалай алмақ. Осы тұста бұл жоба қатысушылардың күдігін тудырды.

Самат Ескендіров, СҚО әкімінің орынбасары:
Біз үшін ең бастысы оралмандардың тиімді еңбек етуі. Егер де бұл жоба біздің ауа райына қолайлы болса, қосалқы несие бөлу жәйттарын қараймыз. Шығын ақталса, бұл жобаға қосылатын боламыз.

Ал өңірімізді мекен еткен қандастарымыз көкөністен бұрын ежелден машықтанған асыл тұқымды мал шаруашылығын қолға алғанды жөн санап отыр. Жиында өңір кәсіпорындары да заманауи жылыжай, қойма үлгілерін жасай алатындықтарын көрсетіп, жаңа жобаларымен таныстырды.


Жеңіс Ермұқанов