Көлік және жолдар

Жол жөндеу науқаны

 

 

 

Бөлінген қаржыны “Астана-Петропавл” автожолын қалпына келтіруге арналған жоба-сметалық құжатты дайындауға, ағымдағы, сондай-ақ, орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсау жоспарланған. Соңғысына биыл 192 млн. теңге бағытталмақ.

Наталья Гуляева, автомобиль жолдары комитеті СҚО департаментінің бөлім бастығы:
  – Орташа жөндеу жұмыстары біздің өңірімізде “Жезқазған-Петропавл” бағытындағы  тас жолда жүріп жатыр. Бұл шаруа Шал ақын және Есіл аудандарында атқарылуда.  

Мамандардың айтуынша
, жол жөндеуге биыл бөлінген қаржы  былтырғымен салыстырғанда 7 пайызға аз. Ал күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы қарастырылмаған

Наталья Гуляева, автомобиль жолдары комитеті СҚО департаментінің бөлім бастығы:
– Әрине, ағымд
ағы жөндеу жұмыстарына бөлінген 430 млн. теңге – бұл шаруаны толықтай әрі сапалы тыңдыру үшін аз. Дегенмен жолдарды апаттық жағдай тудырмайтындай, қауіпсіз қылуға барынша тырысып жүрміз.

Бүгінгі күні орташа жөндеуге 22 миллион теңге жұмсалды. Ал кезекті жұмыстар бойынша 147 миллионнан астам теңге игерілді.
Тағы бір айта кететін жәйт, биыл “Астана-Петропавл” бағытындағы  тас жол қалпына келтіріліп жатыр. Бұл жұмыс Ақмола облысының аумағында басталды. Ал   келесі жылы біздің облыста жалғасынтаппақ.

Жасын Біркенов