Энергетика

Қызмет үшін ақы төлеу керек

 

 

Тұтынушылардың  энергетиктерге жылу мен жарық  үшін жалпы  қарызы 297 миллион теңгені құраған. Қарыздың басым бөлігі тұрғындардың үлесінде.

Еділ Көпенов, “Петропавл жылу электр орталығы” ЖШС директоры:

-Жеке пәтерлердің иелері 206 миллион теңге қарыз. Бюджеттік кәсіпорындардың берешегі 24 миллион теңге.  


Кәріпорындар мен өнеркәсіп мекемелері де жылыту маусымында қарыздарын өсіріп алған.
Мәселен, халықаралық әуежай кәсіпорынға 8 миллион теңге берешек. «Динамо СК» серіктестігі 1 миллион 400 мың теңге қарызын қайтармай, ақпан айынан бері жылусыз, жарықсыз отыр. Ал облыс орталығындағы төрт жатақхана кәсіпорынның бас ауруына айналған.

Еділ Көпенов, “Петропавл жылу электр орталығы” ЖШС директоры:

-Жатақханалар  қарыздарын қайтара алмайды. Жарықтарын сөндіріп тастай алмайсың, өйткені есептегіш құралдары ортақ.


Ал уақтылы жарық пен жылу қызметтері үшін төлем жасамаған пәтерлер жарықтан ажыратылды. Бірақ тұрғындарды бұндай шара та тоқтатпайтын сияқты.
Көрсетілген қызметі үшін ақысын ала алмай жүрген кәсіпорын
басшылары қаланы келесі жылыту маусымына әзірлеу үшін қомақты қаражаттың қажеттігін айтады.  


Әсем Сембина