Құқық қорғау органдары

Салт атты полиция

 

 

 

Патрульдік полиция батальонындағы салт аттылар взводының құрамында 22 қызметкер бар. Олардың иелігіне 18 жылқы берілген. Сондықтан кавалериялық взводта кездейсоқ адамдар жоқ, олардың бәрі жылқының бабын білетін мамандар.

Азамат Атантаев, Петропавл қалалық  ІІБ ППБ салт аттылар взводының қызметкері:

-Біз 14.00-де жұмысқа келіп, аттарымызды дайындаймыз. Содан белгілеп берген бағыттар бойынша жұмысқа шығамыз.

Взвод қызметкерлері 7 бағыт бойынша кезекшілік атқарады. Қылмыстық жағдайлар болып  қалса, бағыттары өзгеруі мүмкін. Кавалеристер негізінен бос үйлерді пана қылып, саяжай тонайтын үй-күйсіз  адамдардың жолын кеседі. Сонымен қатар қала сыртында жасырынып жүрген іздеудегі қылмыскерлерді ұстайды. Саяжайшылар мұндай кезекшіліктің пайдасы көп,  ұрлық, тонау деген азайды дейді.


Саяжайшы:

-Біз бұрындары үйлерді тастап кетуге қорқатынбыз. Сондықтан осында жиі қонып қалатын кездеріміз болды. Ал қазір көңіліміз орнықты. Жігіттер жұмыстарын тиянақты атқарады.  

Кавалеристер жағажайлардағы тәртіпті қадағалап, ормандарда өрт шықпауын да бақылайды. Осылайша, маусым айының алғашқы күндерінде 5 қылмыстың беті ашылып, түрлі әкімшілік құқықбұзушылықтарға барған 260 адам жауапқа тартылды.


К
әусар Аяпбергенқызы