“Балауса-2010” байқауы

Музыка

6:33 9 Маусым 2010

Өнер бәйгесіне  еліміздің барлық өңірлері қатысты.  Мұнда жеткіншектер дуэт, трио, квартет болып ән айтып, биден де өз шеберліктерін танытты. Облысымыздың намысын 4 оқушы қорғады. Солардың бірі  № 17 -інші ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің 10 сынып оқушысы Татьяна Клексина. Ол ән салудан жүлделі орынды иеленді.

Лилия Пытьева, жеңімпаздың жетекшісі:
– Қазылар алқасында “Нұр Отан” филиалының өкілдері, мәдениет қайраткерлері болды. Олар вокалдық шеберлікке, талантқа, эстрадалық костюмге және сахналық кейіпке баға берді. Татьяна барлық талаптарға сай болып, 3 орынды еншіледі.

Татьяна Клексина әншілікпен 8 жасынан бастап айналысып келеді. Бұл байқау оның алғашқы үлкен сыны болды. Мұнда Татьяна қазақ
ша  “Мұңайма” және ағылшынша “You are not from here” әндерін шырқады.

Татьяна Клексина, “Балауса-2010” республикалық байқауының жүлдегері:
– Бұл туындылар менің вокалдық деңгейіме сай келеді. Оған қоса, олар маған ұнайды. Сондықтан осы әндерді таңдадық. Таңдауды соңғы аптада жасадық.

Сондай-ақ, жүлделі үшінші орынға облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылы
ғы орталығының тәрбиеленушісі Нүрила Бектасова да қол жеткізді. Ал қалған жерлестеріміз байқауға қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.

Жасын Біркенов  

 

 

Бұдан әрі оқыңыз