Әр түрлі

Көшелерге гүл отырғызылып жатыр.

 

“Коммунхоз” кәсіпорнының қызметкерлері гүл отырғызуға мамырдың 6-нан кірісіп кетті. Биылғы жоспар бойынша облыс орталығының 5 200 шаршы метрі көгалдандырылуы тиіс. Бұл жұмысқа қала бюджетінен 6,5 млн теңге бөлінген.

Антонина Сулеин, “Коммунхоз” МКК-ның бригадирі:
-Біз қазақ және орыс театрлары мен облыстық әкімдік алаңдарын көркейтіп қойдық.
Гүлдерді парник пен жылыжайларда өсірдік. Еңбегіміз жанады деген ойдамын.

Жылыжайда аймақ климатына бейімделген гүл тұқымдары өсіріліпті. Шаруаға арнайы 15 маман тартылған, енді гүл өсірушілер  200 мың  өскінді отырғызбақшы.
 
Аманбек Өмірбеков, “Коммунхоз” МКК-ның гүл өсірушісі:
-Ботаникалық бақтан гүлдерді қалаға әкеліп, егіп жатырмыз. Қаламыз гүлдене берсін.


Қала көркін ажарландыра түсетін әсем гүлдер Н.Погодин атындағы орыс драма театрынан бастап, Каманин көшесіне дейін егіледі. Гүл өсіруші бригада бұл жұмысты маусымның 25-не дейін аяқтамақ.

 

Гүлден Сәрсенбаева