Спорт

Әуесқой волейболшылар турнирі

 

 

Кәсіпорын қызметкерлерінің спорттық бабын жоғалтпауы жұмысқа да оң әсерін тигізеді. Осыны ескерген қаламыздың 8 өнеркәсіп ұжымы қол доп ойынынан өткен турнирге жиналды. Салауатты өмір салтын ұстанған түрлі кәсіп мамандары алдымен екі топқа іріктелді. Алғашқы айналымда жеңіліс көрмеген құрамалар қорытынды сынға жолдама алып шықты.

Берік Исенов, төреші:
Командалар дайындалып келген. Өте тең, кімнің қандай орын алатынын айту қиын. Финалға шыққандар 4-ші орында қалғылары келмейді. Ойыншылардың өздері ойнағылары келіп, жарысқа қатысқылары келіп тұрады.

 Ақтық сынға өткен Петропавл ауыр машина жасау және арақ шарап зауыттары, энергоорталық, қалалық ішкі істер басқармасының әуесқой волейболшылары кәсіби ойыншылардан кем түспей, шебер ойын көрсетті.

Александр Кислиценко, Петропавл ауыр машина жасау зауыты құрамасының ойыншысы:
Дайындыққа сай әдемі нәтижелі ойын үлгісін көрсетіп жатырмыз. Командамыз жақсы іріктелген. Өткен турнирді 4-ші орынмен аяқтадық, биылғы мақсатымыз нәтижемізді жақсартып, үздіктердің қатарына ену.

Шеңберлік айналымдағы соңғы кездесулердің қорытындысы бойынша
Ауыр машина құрастырушы кәсіпорын өткен жылғы көрсеткішін бір саты жақсартып, үздік үштікке  енді. Екінші орында арақ- шарап зауытының волейболшылары. Ал энергетиктер чемпиондық атақтарын тағы бір мәрте қорғап қалды.