Балалар

Бала еңбегі қаналмауы тиіс

 

Бала сатуға, ауыр жұмысқа салуға, порнографиялық мақсатта пайдалануға қарсы қызыл карточка көрсету акциясын Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қоры мен әлемдік футбол федерациясы ұсынған. Облыстық балалар құқығын қорғау департаментінің еріктілер тобы жаяу жүргіншілерге балалар еңбегін қанауға қарсы акция туралы мәлімет беруге шықты.Кезінде өзі де еңбек етіп жалақысын ала алмаған Александр Устинов акцияға белсенділікпен кіріскен.

Александр Устинов, облыстық балалар құқығын қорғау департаментінің еріктілер тобының мүшесі:

-Бір шағын кәсіпорында жұмыс істегенмін. Жұмыс ауыр болды. Қапталған ұн тасыдық. Аяғында маған жалақымды дұрыс төлемеді.

Үйренгенің
 өзіңе, істегенің маған жақсы дейтін ересектер баланы еңбекке салудың заңды тұстарын білулері керек. Бұл жерде ата-аналардың келісімі міндетті түрде қажет.

Орал Сеңкібаева, облыстық балалар құқығын қорғау департаментінің бөлім бастығы:

-Балалардың жазғы демалыста жұмыс істегілері келеді. Балалар әке-шешелерімен ақылдасып, жұмыс берушімен келісім-шартқа отырулары керек. Шартта айтылады: неше сағат жұмыс істеулері керек. Жасы көрсетіледі.


Балалар құқығын қорғау департаменті оқушыларды заңсыз еңбекке тартумен күрес мәселесін құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен өткізілетін кездесулерде де көтермек.