МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік рәміздер күні

 

 

 


 

 Елімізде мемлекеттік рәміздер мерекесі осымен үшінші жыл қатарынан атап өтіліп отыр. Қызылжардың орталық алаңына жиылған халықтың  дені жастар. Өйткені ел болашағы осылардың қолында.  Басты шара Қазақстан Конституциясы алаңында шоғырланды. Оған қатысқан жастардың саны үш мыңнан астам. Бәрінің басын бір жерге тоғыстырған –  Отанға елге деген сүйіспеншілік.

Жастар:
-Патриотизм дегеніміз ол өз елін, жерін құрметтеу. Ол адам баласының әрқайсысының бойынан табылуы тиіс.

-Әр елдің өзіндік елтаңбасы, туы, ән ұраны бар. Оны қастер тұту баршамыздың ортақ парызымыз.


Орталық алаңға жиылған өңір тұрғындарын мерекемен облыс әкімінің орынбасары Фархат Қуанғанов құттықтады.

Фархат Қуанғанов, облыс әкімінің орынбасары:

-4 маусым Елбасы жарлығымен мемлекеттік рәміздер күні болып бекітілді. Бұл жыл сайын дәстүрлі түрде аталып келеді. Бүгін де орталық алаңға еліміздің нағыз патриоттары жиылып отыр. Мерекелеріңіз құтты болсын.

Бұдан соң еліміздің өркендеуіне
айтарлықтай үлес қосқан бір топ белсенділер марапатталды. Арнайы белгіге ие болғандар саны 13. Солардың бірі “Булаев” шекара комендатурасы комендантының орынбасары Сұлтан Гайнутдинов. Үздік шекарашы деп танылған Сұлтан қызмет барысында 28 контрабандалық іске тосқауыл қойып, мемлекеттік шекараны бұзған 23 адамды ұстаған. Ол Павлодар қаласында өтіп жатқан республикалық патриоттар форумына тікелей эфир арқылы қатысу мүмкіндігіне ие болды. Арнайы белгімен марапатталғандар қатарында “Мәмбетов и К” командиттік серіктестігінің бригадирі Арыстан Жүнісов те бар.  


Арыстан Жүнісов, “Мәмбетов и К” коммандиттік серіктестігінің бригадирі:

-Еліміздің мемлекеттік рәміздерінің өзі адамды Отан сүюге тәрбиелейді. Мысалға,  әнұранды алып қарасаңыз, оның әр сөзінің мағынасы терең. Елтаңбада бейнеленген күннің көзі еліміздің аспаны ашық екендігін білдірсе, оның астында қалықтаған қыраннан еріндікті аңғаруға болады. Өскелең ұрпақтың рәміздерді қаншалықты қастерлейтіндігін мына жастардан айқан аңғаруға болады.

Көркемөнерпаздар ұжымдарының концерттік бағдарламасы мереке шырайын ашы түсті. “Бірлігіміз жарасқан, менің елім – Қазақстан” республикалық патриоттар форумы еліміздің Әұранымен аяқталды. Оны барша ел бірге шырқады.