МТРА жаңалықтары

«Қарлығаш» ансамблінің концерті

 


«Қарлығаш» ансамблі  бұл концертке бір ай бойы дайындалған. Көрерменге ұсынған барлық нөмірлері сәтті шығып жатты. Сахнадағы
жастардың барлығы тәжірибелі бишілер. Мәселен, 15 жасар Әуілбек Сәрсекеевтің биге машықтанып жүргеніне 2 жыл болған.Ол болашақта өмірімді театрмен байланыстырғым келеді дейді.

Әуелбек Сәрсекеев:
Мен биге екі жыл қатысып келемін. Өте ұнайды. Көптеген билерді үйрендім. Көптеген достар таптым.

Концерт жоспарына сәйкес фрак
пен қалпақ киген жігіттер  бикештерді биге шақырды. Бағзы заманның киімдері көрермен қауымның кештен алған әсерін еселей түсті. Бишілердің өнерін  тамашалауға олардың туған-туыстары мен достары,  осы ансамбльде тәлім алып жүрген жеткіншектер  мен түлектер де  келіпті.  27 жастағы Артём Жумалеев мына сахнада 9 жыл бұрын билеген. Өз ізбасарларының өнерін жыл сайын бақылайтын Артем бұл сахна маған көп нәрсе  үйретті дейді.

Артём Жумалеев, “Қарлығаш” ансамблінің түлегі:
-Галина Васильевна сахна сыртында тұрады.
Және бәрімізге күліңдер деп айғайлайды. Жастардың биін бақылап, сол кездегі сәттерді еріксіз есіме аламын.

Екі сағаттық кеш қас қағым сәтте өте шы
ғып, көрермендер үйлеріне қимастықпен тарқасты.