МТРА жаңалықтары

Есірткі сатушы ұсталды

 

 

 


“Өзім үшін емес, өзге үшін есірткі бизнесіне бардым” деп отырған 57 жастағы азаматша Ресей Федерациясы Қорған облысының тумасы. Уақытша тіркеуде тұрған шетелдік Жұмысшы кентінде бір үйді паналап, заңсыз істі кәсіп еткен. Бұл әйелдің есірткі саудасымен айналысып жүргенін полицейлер екі апта бұрын байқап қалған. Жедел іздестіру шараларының барысында оның есірткі сақтағаны анықталды. Ақ ұнтақ оралған целлофан қапшық кереуеттегі  жастықтың астынан табылды. Тәркіленген ұнтақтың жалпы салмағы 400 грамға жуық героин екені анықталып отыр. Күдікті есірткіні белгісіз ер адамның бергенін айтады.  


Серікжан Жолдыбаев, СҚО ІІД ЕБҚКБ қызметкері:
-Жыл басынан бері облыс полицейлері заңсыз айналымнан 148 келіден астам есірткі тәркіледі,  оның 547 грамы  героин.