МТРА жаңалықтары

Сот үкімі – бес жыл

 

Бұл оқыс оқиға өткен жылдың соңында болған. Қорықшы Сергей Зимин мен оның көмекшісі орманда мылтық  атылғанын естіп, бірден сол маңға барады. Алайда заңсыз аңшыларды ұстау оңайға соққан жоқ. Екі жігіт автомашинаға мініп салып, қаша жөнелді. Жол бойы атылған 5 елікті лақтырып, ізін суықпақ болды. Доңғалаққа екі мәрте оқ атылған соң ғана көлік тоқтайды. Екеуінің қолында рұқсат қағаз болмай шықты. Көп кешікпей, бұл маңға тағы бір көлік келіп, алтау  адам екі қорықшыны көк ала қойдай қылып ұрған. Онымен қоймай, мүлігін тартып алып, көліктің доңғалағын кесіп тастапты.Кейін белгілі болғандай, екі күдікті аң шаруашылығы мекемесі бастығының балалары болып шықты. Александр және Василий Блинов  сол мекемеде бастықтың орынбасары және қорықшы болып жұмыс істепті. Ал Олег Удачин мен Леонид Унольд ағайындыларға қонаққа келген екен. Қалған екеуінің  есімдері әлі белгісіз. Бұл қылмысқа қатысты сот бірнеше айға созылды. Айыптылар тіпті Зиминге 600 мың теңге көлемінде ақша  беріп құтылмақшы болыпты. Есіл аудандық соты айыпкерлердің әрқайсысына бес жылдан  кесіп, үш жыл бойы аңшылықпен айналысуға тыйым салды. Бұл үкім  Зиминның ойынша тым жұмсақ. Ал айыпты жақтың қорғаушысы үкіммен толық келісті.

Сергей Зимин, облыстық аумақтық аң және орман шаруашылығы инспекциясының мемлекеттік инспекторы:
Үкім әділ емес, олар өздерінің кінәларын мойындаған жоқ. Біз сот шешіміне қайта шағымданамыз.

Алексей Шип
, айыпты жақтың қорғаушысы:
Егер адамдар қоғамға қауіп туғызбаса, оларды темір тордың ар жағында ұстаудың қажеті жоқ.